Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей тарапы Киевке ұсынылатын меморандум бойынша түсініктемелер береді.
Келіссөздер тағы да Түркия аумағында өтеді. Ресей делегациясын әдеттегідей президент көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Украина тарапынан келіссөзге қорғаныс министрі Рүстем Умеровтың қатысуы күтілуде.
Еске салайық, 16 мамырда Стамбулда Мәскеу мен Киев арасындағы соңғы үш жылдағы алғашқы тікелей келіссөздер өткен болатын. Кездесу шамамен екі сағатқа созылып, бірнеше келісімге қол жеткізілді: «1000 адамға 1000 адам» формуласы бойынша әскери тұтқындармен алмасу, атысты тоқтату жоспарын ұсыну және келесі кездесуге қатысты алдын ала келісім. 23-25 мамыр аралығында Ресей мен Украина тұтқындармен алмасу процесін іске асырды.