Жоғарыда элиталық топтардың қатары күннен-күнге өсіп келеді, балалары тіптен немерелері биліктің маңайына шоғырланып жатыр, ал ресурс керісінше азаюда. Олардың бәріне ақша керек, жетіспегеннен кейін олардың арасында қақтығыс болады. Бұл жөнінде қаржыгер Расул Рысманбетов Алматыда өткен конференция барысында айтты.
Оның айтуынша, билік транзитіне ешбір кәсіпкер үн қатпай отыр. Мәселен, кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев, олигарх Нұрлан Өтемұратов, Күлибаевтардың ешбірі кімді қолдайтынын білдірмеген. Бизнес сақтық танытуда.
«Өйткені бизнес аладғы сайлауға сенім артып отырған жоқ. Біріншіден, барлық кандидаттың біліктілігі сенім ұялатпайды, екіншіден, кандидаттар қашан ивестициялайды деп күтіп отыр, оның ішінде Тоқаев та бар. Ешқайсысы экономикалық мәселемен шығып отырған жоқ. Қазір бизнес билік кімнің қолында екенін түсінбей отыр және кімді қолдарын білмейді. Бұрын Кеңес үкіметі тұсында «Алматыға жазамыз ба әлде бірден Кремлге жазайық па» дейтін, қазір де сол жағдай орын алып отыр»,-дейді ол.
Сондай-ақ ол, қазіргі мемлекеттің экономикалық саясаты дұрыс емес екенін және Тоқаев сайлауда жеңіп шығып, «Мен Назарбаевтың жолын жалғастырамын» десе онда ел экономикасы тоқырауға түсетіндігін айтты.
«Яғни, сайлау біткен соң элита арасында тартыс басталады. Жоғарыда элиталық топтардың қатары күннен-күнге өсіп келеді, балалары тіптен немерелері биліктің маңайына шоғырланып жатыр, ал ресурс керісінше азаюда. Олардың бәріне ақша керек, жетіспегеннен кейін олардың арасында қақтығыс болады. Назарбаев та, Тоқаев та «бізде мынандай жоба болады, ақша бәрімізге жетеді, тартыспасаңдар болады» деп ешқайсысы айтпады. Сондықтан олардың арасында тартыс болатыны сөзсіз»,-дейді қаржыгер.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024