16-04-19 |
2190 рет қаралған
Сайлау: ОСК 12 млрд. теңге сұрап, Үкімет 9,4 млрд. теңге бөлетін болды.
Сайлау: ОСК 12 млрд. теңге сұрап, Үкімет 9,4 млрд. теңге бөлетін болды

Үкімет кезектен тыс президент сайлауына 9,4 миллиард теңге бөлетін болды. Бұл туралы прьемер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп жазады zakon.kz

–  Үкімет отырысында сайлауды өткізуге үкімет резервінен 9,4 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдадық. Аталған қаражат республика бойынша ашылатын 10 мыңға жуық сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыруға жұмсалады. Учаскелерде 70 мыңға жуық адам істейді. Қаржының басым бөлігі сондағы қызметкерлердің жалақысына жұмсалады, – деді Смайылов.

Бұған дейін орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауын өткізуге үкіметтен 12 миллиард теңге сұраған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.