13-08-20 |
1460 рет қаралған
Сенат сайлауына бюджеттен 254,5 миллон теңге жұмсалған.
Сенат сайлауына бюджеттен 254,5 миллон теңге жұмсалған

12 тамызда өткен сенат сайлауына қатысты әлеуметтік желіде сыни пікір толастамай тұр. Ал сол сенатқа 17 депутат сайлау үшін бюджеттен 254,5 миллон теңге жұмсалған. Сайлауға сондай сома бөлінетін маусым айында орталық сайлау комиссиясы айтқан еді. Сол кезде орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина: «Парламент сенаты депутаттарының сайлауына республикалық бюджеттен орталық сайлау комиссиясына 254 жарым миллион теңге бөлінді» деген еді.

Сөйтіп, 254,5 миллон теңге жұмсалып сайланған 17 депутатты жергілікті мәслихат депутаттары сайлады. Әлеуметтік желідегі пікірлердің дені сенат депутаттарының сайлауға халықтың қатыспайтыны, оларды ел танымайтыны және сайланған депутаттардың көбінің жасы келгенді жайлы. Мәселен, кеше экономист Мұхтар Тайжан: 

“Сенат сайлауы әдеттегідей өтіп жатыр: сайлауалды тартыссыз, тыныш, кейбіреулерді есепке алмағанда кандидаттар халыққа аса таныс емес. “
Бұл сенаторлар тағы да үнсіз отыратын, бас ұратын сенаторлар болады. Демек олар елдің дамуына ықпалдаспайды.  Сенатта сол баяғы үнсіздік орнап, нұротандық батпақ болып тұра бермек.  
Елдегі тоқыраудың себебі, бір ғана саяси күштің саяси монополиясында.
Депутаттардың жартысын неге мажоритарлы негізде жасамасқа? Сонда парламентте тәуелсіз адамдар пайда болады. Сонда ғана үкімет парламенттен қорқа бастайды. Үкімет жұмысына қазірден бастап нұротандықтарды емес, тәуелсіз министрлерді шақырмасқа? Саяси монополияны бұзуға не кедергі? Бізге бір палаталы парламентте жетеді” деп пікір білдірген еді.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.