Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабековпен кездесті.
«Кездесу барысында халқымыздың асыл құндылықтарын дәріптеу, ұлттық кодты сақтау және тәуелсіздігімізді нығайту мәселелеріне қатысты пікір алмасу болды.
⠀
Сондай-ақ, қазіргідей жаһандану дәуірінде жас буынның отаншыл, ұлтжанды болып қалыптасуының маңызы зор екені, сондықтан тәлім-тәрбие мәселесінде осыған баса мән беру керектігі айтылды.
⠀
Іс-шара соңында Мәулен Әшімбаев егемен елімізде дінаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосып жүргені үшін Мұхамеджан Тазабекті алғыс хатпен марапаттады» деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Тазабеков «Қазақстан» ұлттық арнасында «Тәлім тренд» хабарын жүргізетіні мәлім болып, ол хабар әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.
Ол мәселеге орай «Қазақстан» ұлттық арнасының баспасөз қызметі arasha.kz түсініктеме берген еді.