arasha.kz

Әшімбаев: Ашаршылықты саясиландырудың қажеті жоқ

«Ашаршылық тек қазақ халқының ғана басына түскен нәубет емес, бұл барша адамзаттың алапат гуманитарлық қасіреті деп айтуға болады. Сол себепті, ашаршылық тақырыбын саясиландырмай, ең алдымен, оған ғылыми тұрғыдан қарағанымыз абзал», – деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Астанада өткен 1921-22 жылғы ашаршылықтың 100 жылдығы мен 1931-33 жылдардағы ашаршылықтың 90 жылдығына қатысты отырысында.

Сенат төрағасының ойынша, ашаршылық совет өкіметі құрамында болған елдердің бәрін де болған.

«Соның салдарынан Қазақстанмен қоса, Украина, Беларусь, Молдова, Ресейдің бірнеше аймағы, оның ішінде Еділ бойы, Солтүстік Кавказ халқы аштыққа ұшырады. Ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, 30-жылдардағы аштықта Кеңес Одағында жеті миллионнан астам адам көз жұмған. Осы тұрғыдан алғанда, аштықты белгілі бір ұлтқа қарата жасалған қылмыс деп айтуға келмейтін шығар. Бұл – ең алдымен, сол кездегі билік жүйесінің қате саясатының ауыр салдары» депті Әшімбаев.

Әшімбаев сондай-ақ ашаршылық мәселесінде халықтың ғылыми негізделген ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету қажеттігін, шетел ғалымдарымен жұмыс істеу керектігін, аталған тарихи тақырыпты БАҚ та наисхаттау керектігіне де тоқталған.

Exit mobile version