Біз
әлеуметтік
желіде
26-03-25 |
1020 рет қаралған
Шольц Германия канцлері қызметінен отставкаға кетті.
Шольц Германия канцлері қызметінен отставкаға кетті

Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер 25 наурызда жаңа Бундестаг отырысында канцлер Олаф Шольц пен оның үкіметінің 14 министріне отставка туралы куәліктерін табыстады.

Бұл рәсімнен кейін Шольц кабинеті жаңа канцлер Фридрих Мерц өз үкіметін құрғанға дейін қызметін жалғастырады. Мерц бұл үдерісті 20 сәуірге дейін аяқтауға уәде берген болатын.​

Олаф Шольц 2021 жылдың желтоқсанынан бастап Германияның федералды канцлері қызметін атқарды. 2024 жылдың қыркүйегінде ол Орталық Азия елдеріне, соның ішінде Қазақстанға ресми сапармен келді. Сол сапар барысында оның өтініші бойынша Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы соғыс туралы пікір білдіріп, «әскери тұрғыдан Ресей жеңілмейді» деп мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.