
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы 1970 жылы дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеттерін педагогика, заңтану, экономика мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы №172 орта мектепте мұғалім ретінде бастаған. Әр жылдары мемлекеттік қызметте, соның ішінде кеден органдарында жауапты басшылық қызметтерді атқарған.
2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сыртқы инвестиция көздерін жоспарлау бөлімінің бастығы, аталған министрдің кеңесшісі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Миграция комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2012-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының және Семей қаласының әкімі қызметтерін абыроймен атқарған.
2021-2022 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі лауазымын атқарды.
2022-2023 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды.
2023 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарды.
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025