arasha.kz

Шығыстың идеологиясына жауапты болған Нүсіпова жауапты хатшы болды

фото: zhasalash.kz

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өкімімен Әсем Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Әсем Нүсіпова бұрын да денсаулық сақтау министрлігінде қызметте болған. Бірақ Нүсіпова Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған кезде елдің есінде көбірек қалды.

***

Әсем Бекқызы Нүсіпова

Туған жылы: 1975 жылдың 1 мамырында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1997 жылы консалтингтік компанияның сарапшысы ретінде бастаған. Одан кейін «Деловая неделя» газетінің экономика бойынша шолушысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқытушы болып жұмыс істеген.

2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері бөлімінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жүйелі талдау Орталығы секторының меңгерушісі, әруақытта Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қаржы министрінің кеңесшісі жұмыс істеген.

2008 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі лауазымын атқарған.

ШҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін 2009-2016жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.

Exit mobile version