Біз
әлеуметтік
желіде
16-06-25 |
160 рет қаралған
Си Цзиньпин Қазақстанға не үшін келе жатыр?.
Си Цзиньпин Қазақстанға не үшін келе жатыр?

16–18 маусым аралығында Қытай көшбасшысы Астанада ресми сапармен болады. Ол «Қытай – Орталық Азия» кеңесінің екінші отырысына қатысады. Алайда бұл ресми себептің астарында маңызды саяси мақсаттар жатыр.

Bloomberg агенттігінің жазуынша, Астанада Си мен Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі — 15–17 маусым аралығында Канадада өтіп жатқан «Үлкен жетілік» саммитіне «қарсы жауап» ретінде қарастырылады.

Осы сапарымен ҚХР төрағасы Қытайдың Орталық Азияға ерекше қызығушылық танытып отырғанын және бұл аймақтағы ықпал үшін АҚШ-пен бәсекелесуге дайын екенін көрсеткісі келеді.

Бұл Си Цзиньпиннің биылғы үшінші шетелдік сапары ғана, яғни ол Астанаға жеке өзі келуді маңызды деп тапқан.

«Астанадағы саммит АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың Қазақстан сыртқы істер министрімен Вашингтонда кездескеннен кейін бірер күннен соң өтуде. Си Цзиньпин “Қытай – Орталық Азия” бірінші саммитін екі жыл бұрын Сиань қаласында өткізген. Оның Қазақстанға сапарының басты мақсаты — Қытайдың экономикасын АҚШ-пен ықтимал ажырауға дайындау. Осы елде ол он жылдан астам уақыт бұрын “Бір белдеу — бір жол” инфрақұрылымдық бастамасын жариялаған еді», — деп жазады Bloomberg.

Ұлыбританиялық PRISM Strategic Intelligence Ltd. консалтинг компаниясының сарапшысы Кейт Мэллинсонның айтуынша, соңғы үш жылда Қытай Орталық Азиядағы ықпалын айтарлықтай күшейтті.

Осы уақыт бойы Пекин Батыс пен Ресей арасындағы текетіресті сырттай бақылап, АҚШ-пен сауда және саяси шиеленістердің Қытайға экономикалық шектеулер салуы мүмкін жағдайға дайындық жүргізіп келді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.