Біз
әлеуметтік
желіде
30-06-25 |
110 рет қаралған
Sputnik Әзербайжан агенттігінде жұмыс істеген ФСБ-ның екі қызметкері ұсталды.
Sputnik Әзербайжан агенттігінде жұмыс істеген ФСБ-ның екі қызметкері ұсталды

Әзірбайжандағы «Sputnik Әзірбайжан» агенттігінің (Ресейдің «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің Баку бөлімшесі) кеңсесінде полиция жүргізген операция барысында бірнеше адам ұсталды.

АПА агенттігінің хабарлауынша, операция кезінде Әзербайжан ІІМ аталған агенттікте жұмыс істеген Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) екі қызметкерін ұстаған.

Бүгін таңертеңнен бастап Әзербайжанның Ішкі істер министрлігі Баку қаласындағы «Sputnik Әзербайжан» кеңсесінде арнайы операция жүргізіп жатыр.

Осы жылдың ақпан айында «Sputnik Әзербайжан» агенттігінің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылданған еді. Бұл агенттік — Ресейдің «Россия сегодня» медиа агенттігінің бөлімшесі ретінде жұмыс істейді.

Бұл шешімнің мақсаты — Әзербайжан мемлекеттік медиасының шетелдегі және шетелдік журналистердің ел ішіндегі қызметінің тепе-теңдігін сақтау. Яғни, Бакуде жұмыс істейтін «Спутник-Әзербайжан» журналистерінің саны Ресейдегі «АЗЕРТАДЖ» агенттігінің тілшілерімен тең болуы керек болатын. Алайда «Sputnik Әзербайжан» редакциясы бұл талапты орындамады, әрі сол уақыттан бері өз жұмысын тоқтатпаған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.