фото: ДСМ
Ерхат Серікұлы Есқалиев денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «СҚ – Фармация» компаниясының төрағасы болып тағайындалды.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «СҚ-Фармация» ұжымына жаңа басшыны таныстыру барысында бүй деген:
«Мемлекет басшысы «СҚ-Фармация » жаңа төрағасының алдына еліміздегі медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмек препараттарымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен толық қамтамасыз етуге қатысты маңызды міндеттер қойды. Бұл жұмыс ашық және жүйелі жүргізілуі тиіс».
Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев СҚ – Фармация» және МӘМС-тің басшыларын жұмыстан босату туралы айтқан еді. Тоқаевтың талабы орындалып, аталған компания басшылары қызметтерінен алынған еді.
Ерхат Есқалиев 1976 жылы 25 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.
1998 жылы Югославиядағы ағайынды Карич университетінің Банк ісі және сауда академиясын Банк ісі экономисі мамандығы бойынша бітірген.
2003 жылы Заңтану Академиясы – «Әділет» Жоғары құқық мектебінде заңгер дипломын алды, 2009 жылы Халықаралық бизнес академиясын, корпоративтік менеджментті бітірді. Білімін түрлі шетелдік оқу орындарында жалғастырды. Э.ғ.к. (Ph.D) іскерлік әкімшілік докторы.
Еңбек жолын (1998) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Инвестициялық институттармен жұмыс бөлімінің бас маманы болып бастаған.
Әр жылдары Атырау облысы экономика басқармасы бастығының орынбасары (1999), ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Қаржы департаментінің директоры (2002), «ҚДБ-Лизинг» АҚ басқарма төрағасы (2006), Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Вице-министрі (2009) лауазымдарын атқарды. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Атамекен» ҰКП Көліктік логистика комитетіне қарасты комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.