Тәжік-Қырғыз шекарасындағы жағдай әлі де қиын. Қырғыз баспасөзінің мәліметінше, қақтығыстан 134 адам жарақаттанып, 13 адам қаза тапқан. Екі ел шекарасындағы қақтығысқа байланысты президент Тоқаев мәлімдеме жасап, жағдайды реттеуге қол ұшын созуға дайын екенін мәлімдеді.
Тоқаев қырғыз-тәжік шекарасындағы атысқа қатты алаңдағанын айтты
Алайда көрші елдерде болып жатқан мұндай шетін оқиғаларға қатысты қауіпсіздік кеңесі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Үнсіз.
саясаттанушы, дипломат Қазбек Бейсебаевтың пікірінше, қауіпсіздік кеңесі осындай сәтте шұғыл жиналыс шақырып, көрші елде болып жатқан мәселені талқылауы тиіс.
«Негізі қауіпсіздік кеңесінің төрағасы күш құрылымдары басшыларын шақырып, есептерін тыңдап, оларға тапсырма беруі керек», – дейді саясаттанушы.
Оның үстіне АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығарып жатыр. Бұл мәселеде Орталық Азия елдері қауіпсіздігіне әсер етері сөзсіз. Қауіпсіздік кеңесі мұны да назарында ұстауы шарт.
ал қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы (конституция бойынша) экс-президент Н.Назарбаев.
Назарбаев әзіргі халықты 1-мамыр мерекесімен ғана құттықтады. Аймақтағы қақтығыс мәселесіне қатысты ешқандай пікір айтпады, мәлімдеме жасамады.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024