Белорусьтегі президент сайлауында оппозициясының ортақ канидаты болған Светлана Тихановская өзін Белорусьтің заңды әрі халық сайлаған басшысы екенін айтып, бүгінгі Лукашенконың ұлықтау рәсімін фарс деп атады.
«Лукашенко зейнетке шықты. Мен еуропарламентте сөз сөйлеп, сыртқы істер министрлерімен кездестім. Елде демократия жеңген соң еуропа үлкен инвестициялық пакет ұсынғалы отыр. Біз жеңеміз!» деді Тихановская видео үндеуінде.
Бүгін Белорусьте Лукашенконы ұлықтау рәсімі өтіп, ол ресми түрде ел президенті қызметіне кірісті. Алайда АҚШ пен Еуропа елдері Белорусьтегі сайлауды мойындаған жоқ.