arasha.kz

Тимур Құлыбаев қызметінен кетті

Н.Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоғарғы қызметінен кетті.

«Бүгіннен бастап мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы қызметінен кетуді шештім»,- деген Құлыбаев өз хатында.

Ол 8 жыл бойы палатаның жоғарғы бақылау кеңесін басқару жауапкершілікті іс болғанын айтып, съезд делегаттарына және төралқа мүшелеріне алғыс айтқан.

Бұдан бұрын Н.Назарбаевтың тағы екі күйеу баласы – Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досан да қызметтерінен кеткен еді.

Exit mobile version