16-02-24 |
25230 рет қаралған
Тина Канделакидің тауарлары елорда дүкендерінен алынып тасталды.
Тина Канделакидің тауарлары елорда дүкендерінен алынып тасталды

«Қазақстан орыс тілін шектеді» деген ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің өнімдері сатылымнан алынып жатыр, деп жазды Азаттық радиосы.

Елімізде бет пен дене күтіміне арналған косметикаға көңілі толмайтындар көбейді. Ал «Золотое яблоко» мобильді қосымшасында жағымсыз пікірлер саны айтарлықтай өскен.

«Золотое яблоко Тина Канделакидің фашистік көзқарасын қолдайды. Бұл дүкенге бармаңдар», «Астананың орталығына жол беріңдер, жауып тастаңдар», «елімізді, халқымызды құрметтемейтіндер біздің есебімізден табыс таппасын», «Тина Канделакидің тауарын сату –Қазақстан халқын қорлау», – деп жазады желі қолданушылары пікірде.

Алайда Золотое яблоко дүкенінің әкімшілігі жауап бермеді. Бірақ елордадағы ірі сауда орталығында орналасқан дүкеннен тауар алынып тасталды. Олар тіпті сөрелерде де жоқ. Бұған дүкен иесінің ұстанымы әсер еткен.

Айта кетейік, Ресейдегі белгілі тележурналист Тина Канделаки Қазақстанның орыс тілін баяу болса да жоюға күш салып жатқанын жазған болатын. Оның мәлімдемесі елдегі теміржол станциялары атауының өзгеруімен байланысты болды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Канделаки елге кіруге тыйым салынғандар тізіміне енгенін айтқан болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.