Біз
әлеуметтік
желіде
10-04-25 |
790 рет қаралған
ТМД елдерінің сыртқы істер министрлері Алматыда бас қосады.
ТМД елдерінің сыртқы істер министрлері Алматыда бас қосады

11 сәуірде Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің биылғы алғашқы отырысы өтеді. Сонымен қатар, Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларымен бөлек кездесу жоспарланған.

Бұған дейін Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова хабарлағандай, отырысқа қатысушылар халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.

Сондай-ақ олар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына дайындықты, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен шекаралық қауіпсіздікті нығайту мәселелерін талқылайды.

Сол күні Алматыда Ресей мен Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлерінің сегізінші кездесуі өтеді. Тараптар саясат, экономика және мәдениет салаларындағы өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасады.

Бұл кездесулер Орталық Азия өңірінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған деп күтілуде.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанға келіп үлгерді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.