Нұр-Сұлтанда жаңа оқу жылының қарсаңында дәстүрлі Тамыз конференциясы өтіп, оған президент Қ.Тоқаев қатысты.
Тоқаев конференцияда сөйлеген сөзінде: «Үштілді білім беру жүйесін енгізу – күн тәртібіндегі өзекті тақырып. Ең алдымен, бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу қажет. Бұл – өте маңызды», – деді.
Мемлекет басшысы: Үштілді білім беру жүйесін енгізу – күн тәртібіндегі өзекті тақырып. Ең алдымен, бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу қажет. Бұл – өте маңызды.
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) August 16, 2019
Солай дей тұрып ол:
«Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деп мемлекеттік тіл туралы да айтты.
Осылайша президент мемлекеттік тілдің білім саласындағы қолданысына қатысты екіұшты пікір білдірді. Яғни, үштілділікті енгізу өзекті екенін айтқанымен қазақ тілінің нақты ролін, басымдығын ашып көрсетпеді.
Үш тілде оқыту жүйесін енгізу Назарбаевтың тұсында қолға алынып, әлі жалғасып келеді. Тоқаев болса, сайлауалды бағдарламасында айтқандай Назарбаев қалыптастырған жүйені жалғастырып келеді.
Үш тілде оқыту жүйесіне қоғамда қарсылық барын да айтқан жөн.
Биылғы Тамыз конференциясына республиканың әр аймағынан екі мыңға жуық мұғалім жиналған.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024