arasha.kz

Тоқаев: Қазақ тіліне реформа жасаймыз

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысына қатысқан президент Тоқаев латын әліпбиіне көшу мәселесі жайлы да айтқан.

«Мәселе кириллицадан латынға жай ғана көше салуда емес. Қазақ тіліне реформа және жаңғыру қажет. Беделді ғалымдардың пікірін күтіп отырмыз. Қайталап айтам, біз тек қазақ тілін ғана реформалаймыз!» – деген президент.

Латын әліпбиіне көшу Назарбаевтың кезінде басталып, үлкен талқыға түскен. Кейін экс-президент көп нұсқаның бірін қабылдаған еді. Күзде Тоқаев латын әліпбиін жетілдіруді тапсырған. Содан бері латын әліпбиі дауы тағы басталған еді.

Билік латынға көшудің негізгі саяси себептерін, өзектілігі мен қажеттілігін ашып айтқан емес. Қазақ қоғамы латынға көшу орыс тілінің ықпалын азайтады деп үміттенеді.

Exit mobile version