arasha.kz

Тоқаев: Митингіге шығуға рұқсат беретін заң қабылданады

Президент Қ.Тоқаев euronews телеарнасына берген сұхбатында Қазақстанда митингіге шығуға рұқсат беретін заң қабылданатынын айтты.

«Заң қабылданады. Заңға сәйскес, демонстрацияға шығып, өз ойларын айтқысы келетін адамдар арнайы орын беріледі» деді президент.

Сондай-ақ, президент биліктің мақсаты қоғаммен диалог орнату екенін де айтқан.

«Біздің стратегиямыз – диалог орнату. Мен жастардарды билікке тартып, мемлекеттік мәселелерді шешуде көмектесуді басты саяси жұмысым деп есептеймін.  Әрине, билікке қарсы топтар да шақырылады. Біз проблеманы көшеде емес, дөңгелек үстел басында шешуіміз керек» депті Тоқаев euronews телеарнасына берген сұхбатында.

Exit mobile version