arasha.kz

Тоқаев пен Зеленский бірін-бірі құттықтады

Фото:aqorda.kz

Фото:aqorda.kz

БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-сессиясының жұмысы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті деп хабарлайды «Ақорда» баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғары қызметке сайлануларымен құттықтады.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда-экономикалық  ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін, бұл бағыттағы мүмкіндіктеріміз зор екенін айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне сапармен келуге шақырды», -деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Exit mobile version