arasha.kz

Тоқаев: Сөзіміз бен ісіміздің арасы жер мен көктей

Президент Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелеріне арналған жиын қатысып, қаланы газдандыру мәселесіне қозғады, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Біз бірінші кезекте, елорданы газдандыру мәселесін ойластыруымыз керек. Өйткені, қыста қандай күйде болатынымыз өздеріңізге мәлім. Бірінші кезекте қала тұрғындарынан ыңғайсыз, дипломатиялық корпус өкілдерінен, қаламызда тұратын шетелдіктерден ыңғайсыз. Ал біз өзімізді халықаралық хаб, глобал-сити, Еуразия орталығы, Еуразия жүрегі тағы басқа деп көрсетеміз. Яғни, сөзіміз бен ісіміздің арасы жер мен көктей. Бұл дұрыс емес», – депті президент.

Қазір Қарағанды, Астана және солтүстік аймақтарға жетуі тиіс «Сарыарқа» гақұбыры төселіп жатқаны мәлім. Газ құбыры Астанаға жылдың соңында жеткізіледі деп жоспарланған. Ал Астанада қыста жеке сектордың көмір жағуына байланысты қаланы ыс басып тұрады. Бірақ қала биыл да газға қосылмайтын сыңайлы. Өйткені қала әкімшілігі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға 15 қазаннан бастап көмір алуға көмек берілетінін айтқан.

Exit mobile version