24-06-19 |
5960 рет қаралған
Тоқаев: Үш жарым жыл бұрын Назарбаев маған «келесі президент сен боласың «деген еді.
Тоқаев: Үш жарым жыл бұрын Назарбаев маған «келесі президент сен боласың «деген еді

«Үш жарым жыл бұрын Назарбаев маған келесі президент сен боласың» деген еді. Уақытша мәселе еді, біз оңтайлы сәтті күттік». Президент Тоқаев бұл сөздерді euronews телеарнасына берген сұхбатында айтады.

Сұхбатта Тоқаев Қазақстанның саяси-экономикалық бағыты өзгермейтінін айтып, митингі туралы жаңа заң қабылданатынын да атап өтеді. Сондай-ақ, «сайлауды әділ өтті» деп бағалаған.

«Назарбаевқа келсек, ол мемлекетіміздің негізін қалаушы және ол саясатта қалды. Мен онымен стратегиялық мәселелерде кеңесіп отыру өте қажет деп есептеймін және үнемі солай істеп келем», – деген Тоқаев.

Президент сұхбатта «Қазақстанда қос билік жоқ» деген Назарбаевтың сөзін қайталап, өзін халық сайлаған президент деп санайтынын айтқан.

22 маусымда Назарбаевтың Қазақстанда басқарып келе жатқанын 30 жыл толды. Осыған орай, Алматыда «Отыз көшбасшы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Тоқаев конференцияда Қазақстанды Назарбаевтың басқарған уақытын «маңызды кезең» деп атады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.