23-04-19 |
3350 рет қаралған
Тоқаев соңғы 15 жылда Қазақстанда тұру талабы бойынша Конститутциялық Кеңеске жүгінді.
Тоқаев соңғы 15 жылда Қазақстанда тұру талабы бойынша Конститутциялық Кеңеске жүгінді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президент үміткерлері соңғы 15 жыл Қазақстанда тұруы керек деген талап бойынша ҚР Конститутциялық Кеңеске жүгінді, деп хабарлайды Arasha.kz тілшісі.

«2019 жылғы 23 сәуірде Республика Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады»,-делінген Конституциялық Кеңестің сайтында.

Өтініш беруші Республика Президенттігіне кандидаттарға қойылатын Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұруы туралы талабының мазмұнын ашуды, сондай-ақ Қазақстанның шетелдік мекемелерінде және Республика мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарда жұмысы кезеңінде азаматтың елден тыс жерде тұрған уақытын аталған мерзімге есептеу мәселесін түсіндіруді сұраған.   

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде»,-делінген КК сайтында.   

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.