Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Қарабаевты Көлік министрі қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Қарабаев Марат Каримжанұлы Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды», – деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Қарабаев бұл қызметті 2023 жылдың қыркүйек айынан бері атқарып келген.
Еске салайық, 14 мамыр күні көлік-логистика саласын дамыту мәселелеріне арналған Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Тоқаев Қарабаевқа жұмыстағы олқылықтары үшін ескерту жасаған болатын.