Біз
әлеуметтік
желіде
16-06-25 |
230 рет қаралған
Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды.
Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды.

Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті. Атап айтқанда өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.

Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды

Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.