Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау жайлы заңға қол қойды.
Қараша айында қаржы министрі Ерлан Жамаубаев билік Азия даму банкінен 908,59 млн евро, ал Азия инфраструктуралық инвестиция банкінен 661,8 миллион евро қарыз алатынын мәлімдеген. Бұл қаржылар бюджет тапшылығына байланысты алынып отырғаны да белгілі болған.
Ал Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен алынатын қарыз COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы аясында берілмек. Ал биыл мамыр айында Тоқаев Қазақстан коронавирус пандемиясына қатысты 6 трлн теңге жұмсалғанын айтқан. Көктемгі пандемия кезінде елде дәрі-дәрмек, маска, ауруханаларда орын жетіспеушілігі болып, қоғам тарапынан биліктің коронавируспен күресі қатты сынға ұшыраған.
Қоғам сынынан соң 25 маусымда президент сол кездегі денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қызметінен босатқан еді. Күзде экс-министр қаражат жымқырды деген күдікпен қамау алынды.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024