Президент Тоқаев Қазақстанда салынуы жоспарланып отырған АЭС құрылысында Қазақстан бас оператор болатынын Ресей президенті Путинмен келіскен. Бұл туралы президент «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында айтты.
Владимир Путиннің Астанаға сапары кезінде бұл мәселе де талқыланды. Жобаға тапсырыс беруші ретінде Қазақстан жағы Консорциумда бас оператор болады деп уағдаластық. Атом стансаларын салуға байланысты шетелдерде тәжірибесі мол, білігі жоғары «Росатом» компаниясының жобаға қатысуы мүмкін екені айтылды. Сондай-ақ Қытайдың азаматтық мақсатта қолданылатын ядролық нысандар салу ісіндегі зор жетістіктері ескеріле отырып, осы елдің компаниясымен де келіссөз жүргізіліп жатыр. Жобаға басқа да мемлекеттердің, оның ішінде Батыс елдерінің корпорациялары қызығушылық танытып отыр, – деді президент.
Президенттің сөзіне қарағанда, Қазақстандағы АЭС құрлысын салуға Ресей, Қытай және батыс елдерінің бірі қатысатын сыңайлы.
Былтыры АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп, дауыс берушілердің көпшілігі АЭС салуды жақтаған болатын.
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025
-
05.01.2025