
Қазақстанда пневмониямен ауырғандар КВИ жұқтырғандардың статистикасына енгізілетін болды.
«Коронавирус пен пневмония бойынша мәліметтердің ашықтығын барынша қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық мәліметтерді тіркеу және ақпараттандырудың жаңа амал-әдістерін айқындады. ДДСҰ-ның Еуропалық бюросы жүргізген техникалық кеңесті есепке ала отырып, біз КВИ жағдайларын кодтау мен тіркеуде халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодына өту туралы шешім қабылдадық», – деді министр Алексей Цой.
Оның айтуынша, осылайша COVID-19 ауруының зертханалық тұрғыда дәлелденген жағдайлары – ПТР тест теріс нәтижелі, бірақ COVID-19 клиникалық және эпидемиологиялық белгілерімен ұқсас пневмония жағдайымен теңестіріледі. Еске сала кетейік, кеше президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеген еді.
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025