Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхень қаласында өткен қауіпсіздік жөніндегі конференцияға қатысқаны мәлім. Президент жиында пікір алмасу алаңында елдің экономикасы туралы айта келіп: «Елдің жаңа сайланған президенті ретінде маған экономиканың диверсификациясы маңызды. Біз әлемнің білімді адамдары Қазақстанға келіп, экономиканы көтеруге көмектесуі үшін бәрін жасаймыз» деді.
Сондай-ақ конференцияның пікір алмасу алаңында Тоқаевтан Қазақстанның Қытай мен Ресейге қатысты ұстанымы туралы да сұраған. Оған президент екі ел де Қазақстанның стратегиялық әріптестері екенін және көршілермен қарым-қатынас өте жақсы екенін айтқан.
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024