Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрайымы Дариға Назарбаеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Кездесу барысында сайлауалды тұғырнаманы заңнамалық қамтамасыз ету, оның ішінде әлеуметтік қолдауға қатысты нақты жоспарлар талқыланды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірқатар маңызды құқықтық мәселелерге тоқталды:
-
Мал ұрлығы және есірткі заттарын, әсіресе интернет арқылы тарату үшін жазаны қатаңдату қажеттілігі туралы айтты;
-
Мемлекеттік органдар басшыларының өз қызметкерлерінің жемқорлық әрекеттері үшін жауап беруі тиіс екенін, оны заңнамалық тұрғыдан бекіту маңызды екенін атап өтті.
Бұл бастамалар қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, әділдікті нығайтуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.