Президент Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізіп, пандамия жағдайына байланысты жарияланған елдегі төтенше жағдай мен карантинге жабылған екі қаладағы сондай-ақ төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелерге қатысты сөз сөйледі.
Коронавирустың таралуы тоқтамай, әлемде вирусқа шалдығу фактісі күн санап өсіп келе жатқанын айтқан президент елдегі жағдайда жіті тоқталды. Соның ішінде қарапайым азаматтардың да жағдайын айтты.
«Қалыптасып отырған жағдайға байланысты көп адам табыс көзінен айырылды, табыстары азайып жатыр. Көптеген қазақстандық отбасылардың жинаған қорлары жоқ десе де болады. Сондықтан мемлекеттік комиссияға төмендегідей дүниелерді қамтитын кешенді іс-шаралар жоспарын екі күнде жасауға тапсырма берем. Біріншіден, төтенше жағдай кезеңінде осыған дейін қабылданған: өсімақы мен айыппұлдарды тоқтату туралы шешімнен бөлек, дағдарыс салдарынан зардап шеккен ел тұрғындардың барлық қарыздары бойынша негізгі сумма мен сыйақыны тоқтату керек. Банктерден толық түсіністік пен азаматтық жауапкершілік күтем», – деді президент.
Сонда-ақ президент төтенше жағда кезінде болуы ықтимал ұрлық, тонау және басқа қылмыс түрлерін болдырмау үшін сақтық шараларын күшейтуді тапсырды. Және де мемлекеттік басқару органдарына «салдары қалай болады екен?» деп тартынып, ескі тәсілмен жұмыс істеуді доғарып, қажет кезде тез әрі жылдам шешім қабылдап, төтенше жағдайда жұмыс істеудің жаңа тәсіліне көшуді тапсырды.
Президенттің төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөйлеген сөзінің толық нұсқасын Ақорданың ресми сайтынан оқи аласыз.
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024