5 маусымда конституцияға енгізілетін өзгерістерге орай жалпыхалықтық референдум өтеді. Бұл туралы президент Қ.Тоқаев халыққа жасаған үндеуінде айтты.
«Сондықтан бүгін мен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойдым» деді президент.
Президенттің айтуынша, өзгеріс енгізілгеннен кейін конституция жаңа сипатқа ие болады.
«Ата заң баптарының үштен бірі өзгереді. Ашығын айтсақ, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Сол себепті, мен республикалық референдум өткізу туралы бастама көтердім. Өйткені, мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс» деді Тоқаев.