29-05-23 |
1880 рет қаралған
Тоқаев: Лукашенконың әзіліне лайықты жауап бердім.
Қазақстан президенті Қ.Тоқаев Белорусь президенті А.Лукашенконың «Қазақстан Ресей мен Белорусьтің одағына қосылсын, сонда бәрімізде ядролық қару болады» деген сөзіне лайықты жауап бергенін айтты.
«Жақында Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекетке кіруді ұсынды. Мен оның әзіліне лайықты баға бердім. Бұған ешбір қажеттілік жоқ.
Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге бұл қару қажет емес. Себебі біз Ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар аясындағы міндеттемелерге адал болып қала береміз», – деді президент.
Тоқаев еуразиялық экономикалық одақтың форумында Ресей мен Белорусь елдерінің одақтас елдерге бірігіп жатқаны еуразиялық экономикалық одақ шарттарына қайшы екенін, одақтас елдер болу мен экономикалық одақтың жолары екі басқа екенін айтқан болатын. Форумдағы сөзінде Тоқаев: «Тіпті екі елде бір ядролық қару бар» деген сөзі Лукашенко мен Путинге өте жайсыз тигені аныө көрінген.
Форумнан кейін президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қазақстан ешқашан Ресей мен Белорусь одағына қосылмайтынын, ондай саяси жоспар жоқ екенін мәлімдеген еді.
Соңғы мақалалар.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.