Былтыры наурыздың 19 күні Қазақстанды ширек ғасырдан астам уақыт басқарған Н.Назарбаев биліктен кететінін мәлімдеген еді. Конституцияға сәйкес, биліктің басқару құрылымы бойынша сол кездегі сенат төрағасы Қ.Тоқаев уақытша президент қызметін атқаруға кіріскен еді. Арада екі ай өткенде президент сайлауында Тоқаев жеңіске жетіп, президент болып сайланды. Арада бір жыл өткенде президент Тоқаев өзінің ресми твиттер парақшасында мынадай жазба жариялады:
«Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері,жаһандық деңгейдегі саясаткер Н.Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды.Мемлекетіміздің негізін қалаушы-Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды.Елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табады» делінген президенттің жазбасында.
Президент қызметінен өз еркімен кеткен Н.Назарбаев қазір қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы қызметінде отыр.
Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері,жаһандық деңгейдегі саясаткер Н.Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды.Мемлекетіміздің негізін қалаушы-Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды.Елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табады
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 18, 2020
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024