12-02-22 |
1430 рет қаралған
Тоқаев қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді.
Тоқаев қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

Президент Тоқаев Астанада қауіпсіздік кеңесінің шұғыл кеңесін өткізді. Ол «азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бірінші кезектегі міндет»  екенін атап өтті.

Кеңесте бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов «қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарының барысы туралы баяндаған.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 3024 қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Арнаулы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктер мен террорлық актілер бойынша 177 істі қарап жатыр.

Прокуратура органдарының мәліметі бойынша 779 адам қамауда отыр. Олардың арасында ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі бар. 113 адам кісі өлтіру, ұрлық, тонаушылық және қарақшылық әрекеттері үшін бұрын сотталған. Ұсталғандардың тұлғалары анықталған соң, сондай-ақ денсаулық жағдайларына байланысты және басқа да материалдар бойынша 109 азаматтың қамауға алу жазасы кетіп қалмау жөніндегі қолхатпен және жеке кепілдік берумен алмастырылған.

Прокурорлар азаматтардың тәртіпсіздікке қатысы бар екені дәлелденбегенін негізге ала отырып, тағы да 103 адамды босатқан. 

Ұсталғандарды азаптау туралы әрбір хабарлама жіті тексерілмек. Прокурорлар адвокаттармен, құқық қорғаушылармен және Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен әрдайым байланыста көрінеді.

Оларға тергеу изоляторларына, уақытша ұстау изоляторларына және ұсталу себебін анықтайтын арнаулы орындарға кіруге мүмкіндік берілген. Жалпы прокуратураға ұсталғандар тарапынан 305 шағым түскен. Құқық бұзушылыққа қатысты 62 шағым расталмаған.

Азаптау және билігін асыра пайдалану дерегі бойынша 170 қылмыстық іс қозғалған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.