03-06-20 |
1110 рет қаралған
Тоқаев: Қазақстандықтардың 75 пайызы Ресейге сенеді.
Тоқаев: Қазақстандықтардың 75 пайызы Ресейге сенеді

Суретте Қ.Тоқаев пен В.Путин, фото: Алексей Дружинин / ТАСС

Қазақстан президенті Қ.Тоқаев Ресей басылымы «Комсомольская правда» газетіне сұхбат берді. Сұхбатта президент қазақстандықтардың 75 пайызынан астамы Ресейге сенеді әрі жақсы көзқарасқа екенін айтқан.

«Ресейге деген жақсы қарым-қатынасқа әлеуметтік сауалнамада айғақ бола алады. Сіздің елге деген қазақстандықтардың сенімі ұзақ жылдардан бері 75 пайыздан асып жығылады. Бұл өте жоғары және өте маңызды әрі тұрақты көрсеткіш. Ресей біздің қоғамдық пікірде стратегиялық әріптес әрі одақтас деп қабылданады» депті президент.

Сондай-ақ Тоқаев қазақтар мен орыстарды не байланыстыратынын да айтқан.

«Біздің ел азаматтары үшін Ресей ең жақын мемлекет ретінде болған және әлі де солай. Халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністік ғасырлар бойы қалыптасты. Қиын кезеңдерде бірге болдық. Көптеген ресейліктер мен қазақстандықтарды туыстық, достық және кәсіби байланыстар біріктіреді» деген президент.

Бұл президент Тоқаевтың Ресей басылымдарына соның ішінде «Комсомольская правда» газетіне берген алғашқы сұхбаты. Ол президент қызметіне кіріскен соң  тұңғыш сапарын Ресейден бастаған еді. Ал экс-президент Н.Назарбаев Ресей телеарналарына сұхбат беріп, Ресейдің бас газеттеріне мақалалары жарияланып тұратын. Сондықтан Қазақстан президентінің Ресей баспасөзіне сұхбат беруін саяси дәстүрі бар дүние десек те болады.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.