23-06-20 |
1560 рет қаралған
Тоқаев Ресейге кетті.
Тоқаев Ресейге кетті

фото: sputnik / Владислав Воднев

Президент Тоқаев екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орайластырып Мәскеуде өтетін жеңіс парадына қатысуға Ресейге барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды.

Ертең, яғни, 24 маусым күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады.

Қазіргі ауыр эпидемиологиялық ахуалға байланысты Мәскеу сапарының алдында Президент жоспарлы түрде коронавирусқа тест тапсырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұған дейін де медициналық хаттамаға сәйкес, үнемі тексеруден өтіп келеді» делінген Берік Уәли таратқан хабарда.

Бұған дейін Ресей президенті В.Путин жеңіс парадына қатысуға шақырту жібергенін президент Тоқаевтың өзі айтып, шақыртуды қуана қабылдағанын айтқан еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.