13-07-20 |
1290 рет қаралған
Тоқаев: Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді.
Тоқаев: Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді

Карантиннің тағы да екі аптаға ұзартылуына байланысты үкімет мұқтаж жандарға 42 500 теңге төлейді. Бұл туралы президент Қ.Тоқаев айтты.

«Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді» деді президент.

Бұған дейін 5 шілдеден бастап екі апта карантин жарияланғаны мәлім. Үкімет көктемдегі ТЖ кезінде 42 500 теңге төлеген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.