10-07-20 |
1190 рет қаралған
Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды.
Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қ.Тоқаев жер мәселесіне де тоқталып, жер шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеді.

«2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз» деді президент.

Сондай-ақ президент ел аумағында игерілмей жатқан жерлердің д көп екенін атап өтті.

«Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек» деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.