12-12-24 |
2890 рет қаралған
Тоқаевпен кездескен Матвиенко БРИКС-ке кіруді меңзеді.
Тоқаевпен кездескен Матвиенко БРИКС-ке кіруді меңзеді

11 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті.

Мемлекет басшысы Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылап, Путиннің жақында Астанаға жасаған сапарын еске алды.

– Мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Жақында біздің елімізге Владимир Владимирович Путин мемлекеттік сапар жасады. Бұл стратегиялық серіктестікті, екі ел арасындағы одақтастықты дамытуға тың серпін берді. Мен екіжақты ықпалдастықтың болашағы зор деп ойлаймын, – деді Тоқаев.

Дегенмен, Матвиенконың мәлімдемелері көбірек назар аудартады: ол Қазақстанның халықаралық альянстардағы (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және БҰҰ) рөліне ерекше назар аударды және БРИКС-тегі позициясын нығайта түсуді меңзеді.

Бірақ жақында Қазақстан бұл ұйымға кіруден бас тартты.

 «Біз Қазақстанның БРИКС-ке деген қызығушылығын құптаймыз», – деп атап өтті РФ спикері.

Мәлімдеме Мәскеудің Астананы халықаралық аренада стратегиялық серіктес ретінде танытуға мүдделілігі көрсетілген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.