arasha.kz

Тоқаевтың жиені «ҚазАгроҚаржы» компаниясындағы қызметінен кетті

Қаныш Ізбастин «ҚазАгроҚаржы» компаниясы директорлар кеңесінен шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Бұған дейін ол «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары қызметінен кеткен еді.

Қаныш Ізбастиннің анасы – Қарлыға Кемелқызы Ізбастина президент Тоқаевтың әпкесі.

Қаныш Теміртайұлы Ізбастин 1981 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, 2021 жылдың наурыз айында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ауыл шаруашылығы активтерін басқару және агроөнеркәсіптік кешенді қолдау және дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүйесінде түрлі лауазымдарда жұмыс атқарған;

2007 жылғы сәуірден 2008 жылғы сәуірге дейін – «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;

2008 жылғы сәуірден 2012 жылғы мамырға дейін – «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма төрағасы»;

2012 жылғы мамырдан қарашаға дейін – «ҚазЭкспортГарант» экспорт-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы;

2013 жылғы қаңтардан 2015 жылғы қыркүйекке дейін – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарушы директоры;

2015 жылғы 3 қыркүйектен 2021 жылғы наурызға дейін – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы.

2021 жылдың наурыз айынан бастап – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары

2001 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын бітірген, халықаралық заңгер мамандығы бойынша заңтану бакалавры, Орталық Азия университетін Әлемдік экономика мамандығы бойынша, Халықаралық-экономика бакалавры, 2005 жылы Мәскеу қаласындағы Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын экономика ғылымдарының кандидаты бойынша тәмамдаған.

Exit mobile version