Біз
әлеуметтік
желіде
24-06-25 |
80 рет қаралған
Трамп: Израиль мен Иран атысты тоқтату туралы келісімге келді.
Трамп: Израиль мен Иран атысты тоқтату туралы келісімге келді

Бұл туралы Америка президенті Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

«Баршаңызды құттықтаймын! Израиль мен Иран атысты толық тоқтату туралы (шамамен алты сағаттан кейін, Израиль мен Иран өздерінің қазіргі миссияларын аяқтаған соң) келісімге келді. Осыдан кейін 12 сағаттық бітім жарияланады, соңы — соғыстың аяқталғаны деп саналады», — деді ол.

Трамптың айтуынша, «24 сағат ішінде әлем 12 күнге созылған соғыстың ресми аяқталғанын қуана қабылдайды».

«Бұл соғыс жылдарға созылып, бүкіл Таяу Шығысты күйретуі мүмкін еді, бірақ олай болмады және ешқашан болмайды», — деп қосты Трамп.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.