Трамп АҚШ-тың Канадамен сауда келіссөздерін «бірден» тоқтататынын мәлімдеді – себеп америкалық бигтехке салынған салық.
АҚШ пен Канада бір-біріне сауда тарифтерін енгізді. Дональд Трамп көршілес елді аннексиялауға бірнеше рет қоқан-лоққы жасаған. Соған қарамастан, екі тарап шілде айының ортасына дейін ымыраға келуге ұмтылып отырған еді.
Алайда жұма күні Трамп әлеуметтік желілерде америкалық технологиялық компанияларға салынған «масқара салыққа» байланысты келіссөздерді тоқтататынын хабарлады.
Ол келесі апта ішінде АҚШ Канададан келетін импортқа қатысты жаңа тарифтер жариялайтынын да қосты.