Біз
әлеуметтік
желіде
26-05-25 |
620 рет қаралған
Трамп Путинге көңілі толмайтынын айтты.
Трамп Путинге көңілі толмайтынын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей көшбасшысы Владимир Путиннің әрекетіне көңілі толмайтынын мәлімдеді — бұл сөздер Ресейдің украин қалаларына жаппай дрондық шабуылдары аясында айтылды.

«Путиннің жасап жатқан істері мені қанағаттандырмайды. Ол көптеген адамдарды өлтіріп жатыр, және мен шынымды айтсам, оған не болғанын құдай білсін, — деді Трамп Морристаун әуежайында Вашингтонға ұшар алдында. — Мен оны баяғыдан білемін, әрдайым жақсы қарым-қатынаста болдық, бірақ қазір ол қалаларға зымырандар жіберіп, адамдарды қырып жатыр, бұл маған мүлде ұнамайды».

Трамп сонымен қатар Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдату мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.

«Оған не болғанын білмеймін. Оған не болғанын құдай білсін? Ол көптеген адамдарды өлтіріп жатыр», — деді АҚШ президенті.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.