Біз
әлеуметтік
желіде
20-05-25 |
2050 рет қаралған
Трамп Путинмен не туралы сөйлескенін айтты.
Трамп Путинмен не туралы сөйлескенін айтты

АҚШ президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуі сәтті өткенін мәлімдеді. Truth Social желісіндегі жазбасында ол Ресей мен Украина жақын арада атысты тоқтату, одан да маңыздысы – соғысты аяқтау жөніндегі келіссөздерді бастайтынын айтты.

Трамптың айтуынша, соғыстан кейін Ресей АҚШ-пен ауқымды сауда жасауға ниетті екенін білдірген. Ол Ресейдің экономикалық әлеуетін «шексіз» деп атады.

Сонымен бірге АҚШ президенті Украина да соғыстан кейін елін қалпына келтіріп, жаңа сауда байланыстары арқылы экономикалық пайда таба алады деп мәлімдеді.

«Келіссөздер дереу басталады. Мен бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленскийге, Еуропа комиссиясының президенті Урсула фон дер Ляйенге, Франция президенті Эммануэль Макронға, Италия премьер-министрі Джорджия Мелониге, Германия канцлері Фридрих Мерцке және Финляндия президенті Александр Стуббқа хабарладым», – деді Трамп.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.