АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің TruthSocial әлеуметтік желісіндегі жазбасында Тегеран тұрғындарының барлығы шұғыл эвакуациялануы қажет екенін мәлімдеді.
«Иран мен ұсынған “келісімге” қол қоюы керек еді. Өкінішке қарай, қаншама адам босқа өліп кетті. Қарапайым түрде айтқанда, Иран ядролық қаруға ие бола алмайды. Мен бұл туралы қайта-қайта айтып келемін! Барлығы Тегераннан дереу эвакуациялануы тиіс!», – делінген Трамптың жазбасында.
Трамптың мұндай мәлімдемелері түсініксіз болып келеді, бұл жолы да нақты не айтқысы келгені беймәлім.
BBC тілшісі Энтони Зуркер Трамппен бірге Канадада өтіп жатқан «Үлкен жетілік» саммитінде жүр. Ол АҚШ президентінің баспасөзге жауапты көмекшісінен түсініктеме сұрағанда, көмекші оны Ақ үйдің баспасөз қызметіне жүгінуге кеңес берген.
Тегераннан эвакуация туралы твиттен кейін Трамп осы тақырыпта тағы бірнеше қысқа жазба жариялап, онда былай деді: «Америка бәрінен жоғары дегеніміз – көптеген керемет құндылықтарды білдіреді, соның ішінде Иранның ядролық қаруға ие бола алмайтыны да бар. Америкаға құдіретін қайтадан әперейік!!!»