03-11-23 |
2610 рет қаралған
Түркі мемлекеттерінің бірлігінің көрінісі.
Түркі мемлекеттерінің бірлігінің көрінісі

Бүгін Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті өтіп жатыр. Осыған орай журналист Оңғар Қабден пікір жазды.

Астанада тәуелсіз түркі елдері басшыларының саммиті басталды. Тоқаев Ердоғанды және түрік бауырларымызды Түркияның 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, ғасырлық Анадолы шежіресі биік белеске, зор жетістікке толы екенін атап өтті.

«Қадірлі Ильхам Гейдароғлы Әлиев мырзаны және Әзірбайжан халқын ел іргесін бекемдеуімен құттықтаймын» деген сөзі Армения және Ресей БАҚ-тарына біраз азық болатын сияқты. Қарабақты тартып алдыңдар деген сөздің мәдениетті тұспалдауы ғой бұл деген.

Тарихқа жүгінсек, сонау 1991 жылы 2 қыркүйекте КСРО құрамында Таулы Қарабақ Республикасының жариялануы Армения мен Әзірбайжан мемлекеттері арасындағы көпжылғы кикілжіңнің туындауына әкелді.

Қарулы қақтығыстар нәтижесінде 1992 жылы Армения Әзірбайжанның жеті бірдей ауданын басып алды. Сол кезден бері ЕҚЫҰ Минск тобы талай келіссөздер өткізіп, Мадрид құжатын қабылдағанмен, кикілжіңді басудың сәті түспеді.

2020 жылы өткен 44 күндік қақтығыс нәтижесінде армян әскері жеңіліс тапты. Ақыры, сол жылдың қараша айында Әзірбайжан, Армения, Ресей мемлекеттері арасында жасалған үшжақты мәлімдемеге қол қойылып, Әзірбайжанның 7 ауданы қайтарылды. Әзірбайжан президенті И.Алиев БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясында сөйлеген сөзінде ұйымға мүше мемлекеттерді «Таулы Қарабақ» атауын бұдан былай қолданбауға шақырды, 2021 жылдың 7 шілдесінен бері бұл аймақта Қарабақ және Шығыс-Зангезур экономикалық аймағы құрылған.

Arasha.kz

ФОТО:

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.