2024 жылғы 7 маусымнан бастап Қазақстандық өнімді Түркия нарығына жеткізуге кедергі болған бірқатар шектеулер алынып тасталды. 2005 жылдан бері құс тұмауы бойынша, 2016 және 2022 жылдардан бері аусыл және нодулярлық дерматит бойынша шектеулер қолданылып келген болатын.
2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер министрлерінің Таразда өткен кездесуінде кедергілер мәселесін көтерген болатын.
«Қазақстан Түркия, Түрікменстан және Мажарстан нарығына жоғары сапалы ет өнімдерін жеткізуге дайын екенін білдіреді. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда Түркия нарығы ветеринарлық қызметтер желісі бойынша қазақстандық жеткізушілер үшін іс жүзінде жабық. Биылғы жылдан бастап ҚХР мен РФ тарапынан Қазақстанға қатысты осындай шектеулер алынып тасталғанын атап өткім келеді. Осыған байланысты түрік тарапымен де осы мәселені қарауға қайта оралуға болады деп есептейміз», – деп атап өтті Айдарбек Сапаров. Кедергілерді алып тастау мәселелері Түркия Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гизлигидер Эбубекирмен екіжақты кездесу барысында кеңінен талқыланды.
Түпкілікті шешім ағымдағы жылдың мамыр айында Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының 91-ші сессиясы аясында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Бердалиннің Түркияның ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Гюменмен өткізген екіжақты келіссөздер нәтижесінде қабылданды.
Түрік тарапы Қазақстан ұсынған есептерді талдап, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымына (ДЖДҰ) ұсынып, біздің еліміздің осы аурулармен күресу және оларды жою жөніндегі әрекеттерін жоғары бағалады. Бұл шешім Қазақстандағы агробизнестің жаңа перспективаларын және мал шаруашылығы өнімдеріне қойылатын ветеринариялық талаптарды үйлестіру мүмкіндіктерін кеңейтеді, осы елдер арасындағы сауда қатынастарын нығайтудағы маңызды қадам болмақ.
Қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін ілгерілетудің келесі қадамы ветеринариялық талаптарды үйлестіру болмақ. Бұл мәселелер де ағымдағы жылдың тамыз айында Айдарбек Сапаровтың Түркия Республикасына сапары барысында талқыланатын тақырыптар тізіміне енетін болады.
Еске салайық, бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қой мен ешкі шешегі бойынша шектеулер әлі де бар. Қалған тосқауылдарды алып тастау үшін ҚР АШМ ветеринариялық қызметі қажетті шараларды қабылдайды.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
17.11.2024