Ердоған Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында Түркияның Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) толыққанды мүшесі болуға ұмтылатынын айтты.
Режеп Тайып Ердоған НАТО саммиті аяқталғаннан кейін журналистермен кездесті.
«Қазір ШЫҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие Түркияның мақсаты – ұйымға толыққанды мүше болу. Енді ол Шанхай бестігіне қосылуы керек», – деді Ердоған.
Ердоған жақында Астанада өткен ШЫҰ саммиті кезінде Путинмен және Тоқаевпен осы мәселені талқылап, процеске қолдау көрсетуді сұрағанын жеткізді.